thumb|left|240px| Анабар - Якутиядағы өзен Анабар () — Якутияның солтүстік-батысындағы өзен.

Ұзындығы 939 км, алабы 100 мың км. Жылдық орта су шығысы 498 m³/сек.

Анабар үстүртінің оңтүстік бөлігінен (Орта Сібір таулы үстүрті) басталып, Лаптевтер теңізіне құйылады.

Жоғары ағысында аңғары тар, беткейлері тік жарлы болып келеді. Солтүстік Сібір ойпатына шыққаннан кейін едәуір кеңейеді. Сағасында (Крест мүйісі) суы таяз эстуарийге айналады (Анабар кірмесі).

Алабында көлдер көп. Қар, жаңбыр су жолдарымен толады.

Қыркүйек аяғында қатып, маусымның басында түседі.

Басты салалары

Кіші Куонамка Үлкен Куонамка Уджа Уэле Суолама Харабыл

Анабар алабында алмас кені бар.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Ресей өзендері