«Сырғалым» — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының арнасынан көрсетілген қазақстандық телехикая. Телехикаяның сценарий авторлары — Рашид Сүлейменов, Светлана Петрийчук, Альбина Ахметова, Константин Козлов және Оксана Бондаренко.

Телехикаяның пилоттық бөлімі 2014 жылғы 15 қаңтарда көрсетіліп, арна тарихындағы ең жоғары рейтингтердің біріне қол жеткізді.

2014 жылғы 7 сәуірде 48 бөлімнен тұратын бірінші маусымның көрсетілімі аяқталғаннан кейін телеарна телехикаяны екінші маусымға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Жобаның режиссері әрі қоюшы операторы ретінде белгілі ресейлік маман Дмитрий Коробкин қызмет атқарды.

Телехикая pөлдерінде:

Жұлдыз Маханова, Шер Әлі, Омар Қиқымов, Қалампыр Айсанғалиева, Әлихан Ыдырышева, Жандарбек Садырбаев

Мазмұны

Қарапайым қазақ отбасы ел қатарлы өмір сүреді. Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Бұл отбасының үлкен ұлы ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды. Ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі.

Марапаттары мен номинациялары

«Жыл таңдауы» байқауы — 2014 жылдың үздік телехикаясы номинациясы бойынша марапатталған. «Жыл таңдауы» байқауы — Жұлдыз Маханова 2014 жылдың үздік актрисасы номинациясына ұсынылған.

Көрсетілімі Телехикая Қазақстанда сәтті көрсетілгеннен кейін шетелдік дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. «Сырғалым» телехикаясын көрсету құқықтары жақын және алыс шетелдердің бірқатар елдеріне, атап айтқанда Ресейге, Татарстанға, АҚШ-қа, Кипрге және Словенияға сатылды.

2015 жылғы 1 ақпаннан бастап телехикая Татарстанның «ТНВ-Планета» телеарнасында татар тілінде көрсетіле бастады.

Дереккөздер

http://www.zharar.com/ http://kinostan.kazjur.kz/ Сырғалым» телехикаясы DVD форматында жарық көрді.(орыс тілінде)

Санат:Қазақстан фильмдері Санат:2014 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақстан телеарнасы телесериалдары