Антверпен (, ) — Бельгиядағы Фламанд ауданындағы қала, елдегі үлкендігінен Брюсселден кейін екінші қала, Фландрияның ең ірі қаласы. Қала Шельда өзенінің екі жағалауында орналасқан. Теңіз порты, 2010 жылда әлемнің ең ірі 20 порты тізіміне кірген. Еуропадағы үлкендігі жағынан екінші порт (Роттердамнан кейін)«World Port Rankings 2010». American Association of Port Authorities. 2010.

Бельгияның солтүстігінде орналасқан қала - сауда және өнеркәсіп орталығы. Машина және кеме жасау, түсті металургия, химия, мұнай айыру, тоқыма, тамақ, алмас қырлау кәсіпорындары шоғырланған.

Елдің Брюссельден кейінгі мәдени орталығы саналатын Антверпенде көркемөнер академиясы, университет, косерватория, тарихи ескерткіштер бар.

Галерея

Дереккөздер

“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Бельгия қалалары