Балдыберек (1992 жылға дейін – Красный Боец)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Төле би ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынана солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде, Алматы облысынан бері созыла орналасқан Талас Алатауының етегінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен656841 697 82,9 438 361 82,4 403 336 83,4
Табиғат ерекшеліктері Бұрынырақ таудан ағатын өзеннің жағасында ит тұмсығы өтпестей бұталар мен берек ағашы қалың болып өскен екен. Берек ағашына бал аралары балдарын жинап, ағаштың жапырақтарынан бал өзенге тамып тұрған дейді. Сондықтан өзеннің де, ауылдың да аты Балдыберек аталған. Табиғаттың жауы - адам демекші сол ағаштарды ауыл халқы отын ретінде ұзақ жылдар бойы пайдалануының кесірінен қазіргі таңда бал да, баларасы да, беректе жоқ. Тек Балдыберек өзеніне сән беріп тұрған аз ғана бұталар қалған, арасында аққайың, қара ағаш, талдарда кездеседі. Балдыберек өзені Үлкен Балдыберек, Кіші Балдыберек болып екіге бөлініп ағып, ауыл соңына келгенде қосылады. Екеуінің айырмашылығы бір шама: дәмі де, температурасы да екі түрлі. Кейбір келген демалушылар үшін бұл су ем болып та табылады. Тағы бір ерекшелігі өзенде бағасы құнды, табиғатта сирек кездесетін, аты қызыл кітапқа енген, ең дәмді жалғыз бақтақ балығы кездеседі. Балдыберек өте тез ағынды өзен. Өзен жылдамдығы шамамен 10 км/сағ. Таудың кереметін айтып бітпейсің. Тау арасында көл де, өзен де бар.
Айта кететін жағдайдың бірі Балдыберек ауылы Ақсу-Жабағылы қорығының артқы бөлігінде орналасқан.
Туризмі Аса ірі туризм саласы болмаса да жыл сайын жазда келуші демалушылар аз емес. Тіпті шетел асып келушілер де бар. Олардың көпшілігі тауға қызығып келеді. Таудың керемет жерлері қаншама. Тауда Үлкен және Кіші дарбаза деп аталатын ғажайып екі жері бар. Үлкен дарбаза таудағы Балдыберек өзеннің бойымен серуендеуге арналған. Ал Кіші дарбаза өзінің сарқырамасы мен жуаш атты жеуге арналған өсімдігімен қызықты.
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы елді мекендері