нобай|оңға|Әдіһам Шілтерхановтың "Аталы сөздер" кітабы. " Аталы сөздер ", — Әдіһам Шілтерхановтың 1981—85 арасында жазған кітабы. 1993 жылы «Баспа» фирмасынан, 1995 жылы Алматы «Атамүра» баспасынан басылып шықты. Осы кітап туралы "Ордабасы" баспасының редакторы Нармахан Бегалыұлы былай дейді: Қазақ халқы ықылым замандардан бергі ой-толғамдарын мақал-мәтел, қанатты сөз ретінде кейінгіге мұра етіп келеді. Бабалардың сол үрдісін жалғастырушылардың бірі әрі бірегейі Әдіһам Шілтерхановтың бұл кітабы — әркімнің төрінде тұруға лайықты қазына. "Аталы сөздер" кітабының ішінен: Тасты жарып гүл шықса, күнге қарай ұмтылар. Топты жарып ұл шықса, шынға қарай ұмтылар. Шыдамда шек жоқ деме, Момында кек жоқ деме. Су сынаптан ауыр болар деймісің, Мыс алтыннан тәуір болар деймісің? Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын, ұл болмайды. Шешеге тартпайтын, әкеге жүк артпайтын, қыз болмайды.

Санат:Аталы сөздер