Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 жж.) Академик.
Владимир Афанасьевич Обручевтің есімі бүкіл әлемнің геологтары мен географтарына әйгілі. Оның осы саладағы жазған еңбектері ТМД елдерінің жер құрылысы мен беткейлерін, табиғатын тануға зор үлес қосты. Владимир Афанасьевич Обручевтің есімімен Орталық және Орта Азияда, Сібірде ғана емес, Шығыс Қазақстанда жүргізілген зерттеулер де тығыз байланысты. Ол 1905 жылғы Орта Азияға саяхаты кезінде Семей облысын солтүстігінен батысына, оңтүстігінен шығысына дейін өтіп Тарбағатай сілемдерін, Маңырақ қыраттарын, Зайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауын зерттеді. Зайсанда болды. Ол, әсіресе, Қалба тауларының геологиялық және географиялық құрылысына ерекше назар аударды. Алғашқы жыл өткен соң ғалым бұл жерге екінші рет экспедиция жасады. Ғалым 1911 жылы Өскеменде болып, күнделігіне ол туралы — деп жазды. Ол Өскеменде өзіне Қалба таулары туралы деректер берген саяси жер аударылған Е.П.Михаэлиспен танысты. В.А.Обручев жаз бойы өз баласы Сергеймен, тау-кен инженері Павловпен бірге Қалба тауларын геологиялық зерттеумен шұғылданып, бірқатар алтын қазатын рудниктерде болды. Ақжал поселкесі ауданында тау жыныстарының 300-ден аса түрлерін жинап, топографиялық және геологиялық карталар жасады. Ол өз еңбектерінде археологтардың назарын Қалба тауларын тас дәуірінде адамдар мекендеген жерлер ретінде зерттеу керектігіне аударды. Қалба тауларына жасаған екі экспедициясы туралы Обручевтің «Менің Сібірдегі саяхаттарым» деген кітабында жазылған. Қалба тауларында болғанда ол Алтайдың геологиясына ерекше мән берді. Алтай ежелгі тау жүйесі деген ұғым дұрыс емес деген қорытындыға келді. Ғалымның 1914 және 1936 жылғы саяхаттары Алтайды тереңірек зерттеуге арналды. Соның нәтижесінде маңызды ғылыми жаңалықтар ашылды. Бұл В.А.Обручевті біздің еліміздегі даңқты геологтар қатарына қосты.Обручев Владимир Афанасьевич/ҚСЭ. Т. 8.- 431 б. Черных С. Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалым. (В.А. Обручев)/Коммунизм туы. — 1977.-1 ақпан
Дереккөздер
Санат:10 қазанда туғандар Санат:Ржев ауданында туғандар Санат:19 маусымда қайтыс болғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:4 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері Санат:Моңғолдық Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Моңғол Халық Республикасына 25 жыл медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Владимир Обручев Санат:Санкт-Петербург тау-кен университеті түлектері Санат:Ржев тұлғалары Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Ресей фантаст-жазушылары Санат:КСРО фантаст-жазушылары Санат:Ресей империясы саяхатшылары Санат:Сібір зерттеушілері Санат:Ресей ғылым академиясының мүше-корреспонденттері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Томск политехникалық университеті оқытушылары Санат:Кадеттер Санат:КСРО геологтары Санат:Геология тарихшылары Санат:Ресей ғылым академиясының Геология институты қызметкерлері Санат:Ленин атындағы сыйлық иегерлері Санат:Хикаялы әдебиет авторлары Санат:Карпинский атындағы Алтын медалінің иегерлері Санат:Мәскеу тау-кен академиясы оқытушылары Санат:Таврия ұлттық университеті оқытушылары