Аша мұрт шаян немесе Кладоцерлер () — омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын жәндіктер. Бұлардың дүние жүзінде 420 түрі бар, ал Қазақстанда 130 түрі белгілі. Бұлар ағынсыз тұщы суларда, теңіздердің түбінде тіршілік етеді. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің ішінде мүкті тропиктік ормандарда тіршілік ететін құрлықтық түрлері де кездеседі. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің денесі бүйірінен қысылған, екі жақтауы бақалшақпен қапталған. Ұзындығы 5 мм-ге дейін. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басындағы 1 жұп күрделі көздері бірігіп кеткен және кейбір түрлерінде рудиментті маңдайлық (науплиальді) көзі сақталмаған. Мұрттары мен мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірегіндегі 4 – 6 жұп аяқтарының буындары жойылып, сүзгіге айналған, онымен қорегін (детриттер, бактериялар, бір клеткалы балдырлар, т.б.) сүзіп ұстайды. Аяқтарындағы желбезектері тыныс алу қызметін атқарады. Жыртқыш түрлерінде (Leptodora) бақалшақтары кішілеу, аяқтары қорегін ұстауға бейімделген. Бұтақмұртты шаянтәрізділерде маусымдық өзгергіштік (цикломорфоз) айқын байқалады, мыс., темп-раның өзгеруіне байланысты кейбір өкілдерінің (Daphnіa, Bosmіna) бақалшақтарының пішіні өзгеріп тұрады. Көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан аналық дамиды. Бұлар жаз бойы партеногенез (жыныссыз) жолымен көбейеді. Аталықтары күзде дамиды да, көктемде аналық жұмыртқаларды ұрықтандырады. Бұтақмұртты шаянтәрізділер тұщы су және теңіз балықтарының, сол сияқты тіссіз киттәрізділердің, әсіресе, бекіретәрізділер мен албырттар шабақтарының негізгі қорегі болып табылады.Қазақ Энциклопедиясы
Аша мұрт шаяндар - желбезекаяқты шаянтәрізділер жасағына жататын омыртқасыз жануар. Ең кең тараған түрі - Дафния () тегінің өкілдері, кейде оны "Су бүргесі" деп атайды.
Биологиялық сипаттамасы Денесінің ұзындыға 2-3 мм. Тұщы суда тіршілік етеді. Көзі сыңар. Кеудесі 4-6 сегменттен тұрады, мұнда аяқтары орналасқан. Құрсағы қысқа, ішіне қарай иілген, ұшында тырнаққа ұқсас екіі мүшесі болады. Мұртшалары қысқа, ал мұрттары жақсы дамыған және жүзу қызметін атқарады. Бактериялармен, балдырлармен қоректенеді. Қорегін аяғындағы қылшықтарымен сүзіп ұстайды. Жыртқыш түрлері де бар.
Аша мұрт шаян - тұщы су балықтарының негізгі қорегі.
Пайдалануы Балық өсіретін зауыттарда бұлардың кейбір түрін (көбіне дафнияны) әдейі өсіріп, шабақтарды қоректендіредіҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Жіктелуі Аша мұрт шаяндарды келесі жасақ тармақтарына, тұқымдастарға және тектерге бөледі: Жасақ тармағы: Anomopoda Sars, 1865 Тұқымдасы: дафниялар (Daphniidae Straus, 1820) Ceriodaphnia Dana, 1853 Daphnia (Daphnia Müller, 1785) Daphniopsis Sars, 1903 Megafenestra Dumont & Pensaert, 1983 Simocephalus Schödler, 1858 Scapholeberis Schödler, 1858 Тұқымдасы: Moinidae Goulden, 1968 Моины (Moina Baird, 1850) Moinodaphnia Herrick, 1887 Тұқымдасы: Chydoridae (Chydoridae Stebbing, 1902) Acroperus Baird, 1843 Alona Baird, 1843 Alonella Sars, 1862 Alonopsis Sars, 1862 Anchistropus Sars, 1862 Archepleuroxus Smirnov & Timms, 1983 Australochydorus Smirnov & Timms, 1983 Biapertura Smirnov, 1971 Bryospilus Camptocercus Baird, 1843 Celsinotum Frey, 1991 Хидоры (Chydorus Leach, 1816) Dadaya Sars, 1901 Disparalona Sars, 1862 Dunhevedia King, 1853 Estatheroporus Alonso, 1990 Ephemeroporus Frey, 1982 Euryalona Sars, 1901 Graptolebris Sars, 1862 Karualona Kozhowia Kurzia Dybowski & Grochowski, 1894 Leberis Smirnov, 1989 Leydigia Kurz, 1875 Monope Smirnov & Timms, 1983 Monospilus Sars, 1862 Notoalona Rajapaksa & Fernando, 1987 Oxyurella Dybowski & Grochowski, 1894 Paralona Šráhek-Hušek, 1962 Parakozhowia Phrixura P.E. Müller, 1867 Picripleuroxus Planicirclus Frey, 1991 Pleuroxus Baird, 1843 Plurispina Frey, 1991 Pseudochydorus Fryer, 1968 Rak Smirnov & Timms, 1983 Rhynchotalona Norman, 1903 Saycia Sars, 1904 Spinalona Ciros-Perez & Elias-Gutierrez, 1997 Tretocephala Frey, 1965 Тұқымдасы: Acantholeberidae Acantholeberis Lilljeborg, 1846 Тұқымдасы: Ophryoxidae Ophryoxus Sars, 1862 Тұқымдасы: Eurycercidae Eurycercus Baird, 1843 Тұқымдасы: Macrothricidae (Macrothricidae Norman & Brady, 1867) Bunops Birge, 1893 Drepanothrix Sars, 1862 Echinisca Liévin, 1848 Grimaldina Richard, 1892 Guernella Richard, 1892 Iheringula Sars, 1900 Lathonura Lilljeborg, 1853 Macrothrix Baird, 1843 Neothrix Gurney, 1927 Parophryoxus Doolittle, 1909 Pseudomoina Sars, 1912 Streblocerus Sars, 1862 Wlassicsia Daday, 1904 Тұқымдасы: Ilyocryptidae Ilyocryptus Sars, 1862 Тұқымдасы: Dumontiidae Santos-Flores & Dodson, 2003 Dumontia Santos-Flores & Dodson, 2003 Тұқымдасы: Bosminidae (Bosminidae Baird, 1846) Босмины (Bosmina Baird, 1846) Bosminopsis Richard, 1895 Жасақ тармағы: Ctenopoda Sars, 1865 Тұқымдасы: Sididae (Sididae Baird, 1850) Diaphanosoma (Diaphanosoma Fischer, 1850) Latona Straus, 1820 Latonopsis Sars, 1888 Penilia Dana, 1849 Pseudosida Herrick, 1884 Sarsilatona Korovchinsky, 1985 Сиды (Sida Straus, 1820) Тұқымдасы: Holopediidae (Holopediidae Sars, 1865) Holopedium (Holopedium Zaddach, 1855) Жасақ тармағы: Onychopoda Sars, 1865 Тұқымдасы: Polyphemidae (Polyphemidae Baird, 1845) Polyphemus Linnaeus, 1758 Тұқымдасы: Cercopagidae Mordukhai-Boltovskoi, 1966 Bythotrephes (Bythotrephes Leydig, 1860) Cercopagis Sars, 1897 Тұқымдасы: Podonidae Mordukhai-Boltovskoi, 1968 Caspievadne Behning, 1941 Cornigerius Mordukhai-Boltovskoi, 1967 Evadne Lovén, 1836 Pleopis Dana, 1852 Podon Lilljeborg, 1853 Podonevadne Gibitz, 1922 Pseudevadne Жасақ тармағы: Haplopoda Sars, 1865 Тұқымдасы: Leptodoridae Lilljeborg, 1861 Leptodora (Leptodora Lilljeborg, 1861)
Дереккөздер
Санат:Желбезекаяқты шаянтәрізділер