Тампонаждау ерiтiндiлерi - бұл тампонаждау үшiн пайдаланылатын арнайы материалдар немесе құрамдардың комбинациясы. Тампонажды қоспалар уақыт өтуімен тампонаждау тасы құрылған кезде қатая алады немесе тұтқыр немесе тұтқыр-илемдi жүйе ретінде қоюланып, қатая алады. Тампонаждау түрлері ұңғыманы салу кезіндегі – технологиялық; ұңғыманы жою үшін арналған – ликвидациялық.
Тампонаждау ерiтiндiсi мен тасының функциясы тампонаждаудың мақсатымен шартталған. Осыған байланысты тампонаждау ерітіндісіне әртүрлі талаптар қойылады. Тампонаждау ерітінділеріне қойылатын талаптар: жақсы аққыштық; кез келген қуыс пен микрожарықтарға өте алуы; седиментацияның жоқтығы; шегендеуші құбыр мен тау жыныстарына жақсы жабысуы; қасиетін өзгерту үшін өңделу қабілеті; тампонаждалған тау жыныстары мен сумен әсерлеспеуі; жер асты суларының шаюшы әрекетіне шыдамдылық; жоғары температура мен қысым кезінді біртектілігі; қатаю кезінде тұнбаның түзілмеуі; бұрғылау сораптарымен жақсы айдалуы; жылжу кезінде үйкелістің аз болуы; басқа ерітінділермен араласу мүмкіндігі; технологиялық жабдықтан жақсы шайылуы; тампонаждау тасының оңай бұрғылануы
Тығыздығы бойынша тампонаждау ерітінділері былай бөлінеді: жеңіл - 1,3 г/см3 дейін; жеңілдетілген - 1,3 г/см3; орташа - 1,75 -1,95 г/см3; ауырлатылған - 1,95 -2,20 г/см3; ауыр - 20,20 г/см3 жоғары.
Ұсталу ұақытына байланысты : тез уақытта ұсталатын - 40 мин дейін; орташа уақытта ұсталатын -1 сағ 20 мин - 2 сағ; ұзақ уақытта ұсталатын - 2 сағ көп
Тампонаждау ерітінділерінің негізгі технологиялық параметрлері
Цементтік қоспа – цемент пен су қоспасы. Цемент алдын ала 80 мкм електен өткізіледі. Цементтік қоспа сфера тәрізді ыдыста 3 мин бойы қолмен араластырылады, арнайы араластырғыштарда 5 мин. Су цементті қатынас – су көлемінің цемент салмағына қатынасы Аққыштық, см– цементі ерітіндінің жылжымалылығын анықтайды. Тығыздық, г/см3 - Цемент ерітіндісі массасының көлеміне қатынасы. Фильтрация, см3 - 30 минутта 1 атм қысыммен цементті ерітіндінің кағаз сүзгіден өткен мөлшері. Цементтi ерiтiндiнің седиментацияға орнықтылығы - су бөлінумен анықталады, яғни седимиментация кезінде цементті ерітіндіден бөлінген судың мөлшерімен анықталады. Қоюлану уақыты, мин, сағ - ерітіндінің аққыштықты жоғалту уақыты. Ұсталу уақыты, мин, сағ – цементті ерітіндінің цементті тасқа айналу уақыты.
Дереккөздер
Санат:Геология