Кутб ад–Дин Айбак Үндістанды орта ғасырларда билеген Дели сұлтанатының алғашқы сұлтаны. Ол қазіргі Ауғаныстан аймағында дүниеге келген. Арғы тегі – ортаазиялық түрік. Бір деректерде Айбак қаласынан шыққандығы айтылады. Бала кезінде соғыста қолға түскен оны Нишапур қаласының кадиі кұлдыққа сатып алады. Құл деген аты болмаса, кади Айбаққа өз ұлындай қарады. Айбақ жан-жақты білім алып, парсы, араб тілдерін еркін меңгерді. Басқару ісімен әскери шеберлікті үйренді.
Дереккөздер 1100 қызықты деректер.