Таралуы Бұзаубас акула әлемнің жылы, таяз суларында, өзендерде, теңіз жағалауында кездеседі. Бұзаубас акулалар теңіз бен мұхиттардың тропиктік және субтропиктік белдеулерінде кездеседі. Сондай-ақ өзен, көлдердің тұнық суларында да тіршілік етеді Қоректенуі Бұзаубас акула тасбақа, құс және шаянтәрізділермен қоректенеді. Биологиялық сипаттама Алдыңғы жүзбеқанаты төменгі жүзбеқанатына қарағанда ұзын және үшкір.Аналықтары аталықтарына қарағанда ұзын. 2 м-ден асатын аталықтарының салмағы 90 келі, ал аналықтарының ұзындығы 3 м-ге жуық, салмағы 200 келіні тартады. Аналық бұзаубас 13-ке жуық акуланы өмірге әкеледі. Балаларының ұзындығы – 60 см. Олар кейін 3 метрге дейін өседі. Таяз суларда мекен ететіндіктен, бұзаубас акулалар адамдарға жиі шабуыл жасайды. Олар өте қызуқанды келеді. Таза суларда ғана емес, кейде шалғай жатқан өзен суларына да жүзіп барады. Бұл акулалар қабылан акуласы және алып ақ акула секілді жыртқыштар шабуылдар жасайды. Бұзаубас акулалар бар жоғы 30 жыл сүреді.
Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер
Санат:Акулалар