Есектартқан асуы – Алматы облысы Райымбек ауданындағы асу. Асу Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратауда.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Жаз айларында асуда қар болмайды. Оның оңтүстік беткейі жалаңаш, терең жыралармен тілімделген. Солтүстік беткейінде қылқан жапырақты орман өскен. Жергілікті халық Есектартқан асуын ертеден-ақ пайдаланған. Асу Текес өзенінің аңғарының жоғары жағынан тауаралық Кеген аңғарына, одан əрі Іле аңғарына өтетін төте жол саналады.«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Тәңір тауы