Коммерциялық емес ұйымдар өз алдына келесідей бөлінеді:

мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландырылатын ұйым; қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері табылады. азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүлік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім бері және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылыды. қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады. рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады. коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы үлестік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады.

Сілтемелер: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005