Каскай тайпалары (ca-as-sa) каскейлер, каскилар, кашкилар, кашкейлер – ежелгі заманда Хет патшалығының солтүстік және солтүстік-шығысына таман Понт тауларын, Кіші Азияны мекендеген тайпалар одағы. Каскай тайпалары көршілес хеттерге үнемі шабуыл жасап тұрды. Шабуылдар мерзімі б.з.б 17 ғасырмен б.з.б. 13 ғасыр аралықтарын қамтыды. Олардың негізгі шаруашылығы - ірі қара мал шаруашылығы және тоқыма кәсіпшілігі. Біздің заманымыздан бұрын 14 ғасырға дейін Каскай тайпаларында «әскери демократия» сақталып келді. Біздің заманымыздан бұрын 12 ғасырдан бастап Каскай тайпалары, ассириялық деректемелер бойынша, Кіші Азияның табал және мушка тайпаларымен көршілес жатқан шығыс шетін мекендейді.

Әдебиет Қазақ энциклопедиясы 8-том (?)