Биологиялық сипаттамасы Күңгірт дельфиннің денесі шағын. Дене тұрқы- шағын. Қып- қысқа тұмсығы сүйірлеу болып келеді. Бұл дельфиндердің ең ірісі Перу Республикасы маңындағы мұхит суларында кездеседі. Күңгірт дельфиндердің ұзындығы 1- 1,5 метр аралығында.Ол балықтармен, анчоустармен және асшаяндармен қоректенеді. Ең ірі күңгірт дельфиннің ұзындығы 2 метрге жуық. Жотасынан тұмсығына дейінгі аралық ақшыл сұр түсті болса, бауыры мен көкірегі- ақ түсті. Тұмсығы жоқ, басы тыныс алқымынан тұмсық ұшына дейін жалғасып кеткен. Адамдардан үрікпейді. Топтасып өмір сүреді. Олардың бір үйірінде 100- ге тарта дельфин болады. Жаңа туған дельфиннің салмағы 5 келі, ал ұзындығы 60-70 см аралығында болады. Күңгірт дельфиндер- ақтұмсықты дельфиндер, ақ бауырлы Атлант дельфиндері, ақ бауырлы Тынық мұхиты дельфиндері, Крест тәрізді дельфиндер және Пил дельфиндері сияқты дельфиндердің түріне жатады. Аналықтары 2-3 жылда бір рет балалайды. Күңгірт дельфиндерді алғаш рет 1828 жылы ағылшын ғалымы Джон Грэй сипаттаған. Оларда «қарақоңыр» немесе «күңгірт» деген мағынаны білдіртетін «Дельфинус оскурос» деген латын атауы берілген. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер
Санат:Дельфиндер