Федоров Владимир Григорьевич (3)15).5.1874,Петербург-19.9.1966, Мәскеу)- совет ғалымы автоматтық атыс қарулары саласындағы конструктор, профессор (1940), инженер-технолог қызметтің генерал-лейтенанты (1943), Еңбек Ері (1928). 1900 жылы Михайловск артиллерия училищесін бітірген. Ол калибрі 7,62мм (1912), 6,5мм(1913) болатын автоматтық мылтықтарды және бірінші рет калибрі 6,5мм-лік автоматты жобалады (1916). Қазан революциясынан кейін ол өзінің конструкциясы бойынша автоматтық қару жасайтын советтік алғашқы заводтың директоры болды (1918-1931). 1942-1946 жылдары Қаружарақ халкомында және мин-лігінде атыс қарулары жөніндегі кеңесші болды. 1946-1953 жылдары КСРО Қорғаныс мин-лігі жанындағы Артиллерия академиясының толық мүшесі. 2 рет Ленин орденімен және басқа 2 орденмен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы 11 том