thumb| right ҚАЗАҚСТАН ВУЛ ПРОЦЕССОРЗ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ – өндірістік кәсіпорын. Қызметінің негізгі бағыты жүнді алғашқы өңдеу (дайындау, сұрыптау және жуу). Өндірістік қуаты сағатына 1,5 тоннаға дейін жүн өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеуі үшін жеке жылу қазандығымен, жоғары кернеулі электр желісімен жабдықталған. Дайын өнім Ресейге, Австрияға және Балтық мемлекеттеріне шығарылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том