Маңырақ — Сауыр жотасының батысындағы аласа жота.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай және Зайсан аудандары жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 65-70 км-ге созылып жатыр, енді жері 15-25 км. Биік жері Шөрбас тауы - 2035 м.

Геологиялық құрылымы Тау үсті жайпақ Маңырақ жоғарғы палеозой жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Жотаның солтүстік беткейі түйетайлы, аласа келген тау кертпештермен, Еспе, Құсты, Үйдене өзен аңғарларының терең шатқалдарымен тілімденген. Оңтүстік беткейі тік құлама болып келеді де, Шілікті аңғарына ұласады.

Өсімдігі Беткейі мен баурайында бұта аралас жусан, қараған, сұлыбас, қылқан боз, бидайық, бетеге, көде т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты энциклопедиясы; 3 том Қ-М , Алматы 2011;

Атауы Маңырақ аласа таулары атауының шығуы Жоңғар шапқыншылығымен байланысты болса керек. Халық арасында таралған аңызға сүйенсек, Жоңғардан қашқан қазақ ауылы осы тауларға тығылған. Сол ауылды көштен қалған тоқтының маңыраған дауысымен тауып Жоңғарлар тірі жан қалдырмай қырыпты-мыс. Сол кезден бері тау Маңырақ аталады, дейді аңыз-әңгімелерде.«Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ – Арасы толған көп қалмақ». «Қазақстан тарихы» порталы.

Дереккөздер

Санат:Зайсан ауданы таулары Санат:Тарбағатай ауданы таулары