Биссектор(латынша <<бис>> - <<екі рет>> және <<секо>> - <<қырқамын, қиямын>>), екіжақты бұрыштың - екіжақты бұрышты тең екі бөлікке бөлетін жарты жазықтық. Биссктордың шекарасы - екі жақты бұрыштың қыры болады. Биссектор екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышының биссектрисасы екіжақты бұрыштың биссекторында жатады.

Дереккөздер Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.