Иммунотерапия – науқастың иммундық жүйенсін барынша жұмылдыруға бағытталған ем түрі. Оның мақсаты ағзадағы лейкозды агентке иммунологиялық тұрақтылықты жойып, лейкоз тіндерінің өсуін бақылайтын және басатын иммунологиялық жауапты белсендіру.
Иммунотерапияның ең тиімді әдістері: жедел лейкоздың фенотиптеріне сәйкес моноклонды антиденелерді (МА) қолдану. МА екі жолмен пайдаланылады – науқастың сүйек миын не қанын in vitro моноклонды антиденелермен өңдеп, науқастың ағзасына МА енгізеді; интерферонды (рекомбинантты адамның α2-интерфероны немесе реаферон) қолдану.
Реаферонның пролиферацияға және вирустарға қарсы әсері бар, бластарға қатысты Т-лимфоцит-киллерлердің белсенділігін күшейтеді. Оны 50 000000 ӘБ/тәу мөлшерде апта бойында тағайындалады."ҚАН АУРУЛАРЫ" Байжанова К. Т., Бекмурзаева Э.Қ., оқу құралы, Шымкент, 2010.
Дереккөздер
Санат:Иммунотерапия Санат:Иммунитет Санат:Неврологиядағы емдеу әдістері Санат:Қатерлі ісіктерді емдеу Санат:Иммунды жүйе