Қараот (лат. Portulaca)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - қараоттар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Ботаникалық сипаты thumb|left|180px|Portulaca amilis Биіктігі 10-30 см-дей. Тамыры ұршық тәрізді, бұтақты. Сабағы етжеңді, тармақталып бұтақталған, қоңыр түсті. Жапырақтары етжеңді, жасыл түсті, доғал, жалпиған жұмыртқа пішінді. Гүлдері ақ, сары, кейде қара қоңыр түсті, тармақталған сабақтарда 2-3-тен топталып орналасқан. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - шар тәрізді қауашақ
Өсетін жері мен таралуы Дүние жүзінде тропиктік және субтропиктік белдеулерде тараған 100-ге жуық (кейбір мәліметтерде 200-дей) түрі белгілі. Қазақстанда Каспий маңында, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей, Қырғыз Алатауларында кездесетін бір түрі бақша қараоты (Portulaca olerаcea) өзендердің құмды жайылымдарында, егістіктерді, бақшаларда, алаңқайларда өседі.
Қолданысы Халық медицинасында қараоттың дәні мен жапырағынан жасалынған дәрілер ем үшін пайдаланылады. Аспаздықта жас өркендері (шикідей, пісірлген және маринадталған түрі) тамақ дайындау барысында пайдаланылып, ет және балықтан дайындалған тағамдарға қосылып беріледі. Орта Азияда, Ресейде (Қиыр Шығыста), Украинада мәдени өсімдіктер ретінде гүлзарларда әсемдік үшін өсіріледі.
Дереккөздер
Санат:Қараоттар Санат:Қазақстан фаунасы