нобай|оңға Каттегат (Kattegat) — Ютландия түбегінің шығыс жағасы мен Скандинавия түбегінің оңтүстік-батыс бөлігі аралығындағы бұғаз. Балтық және Солтүстік теңіздері жалғастырады. Ұзындығы 200км-ге жуық. Ені 60-122 км. Тереңдігі 10-30 метр, солтүстік бөлігінде 50-ден асады. Бұғазда суы тұщылау, беткі (солтүстікке бағытталған) және тұзды түпкі ағыстар (оңтүстікке бағытталған) бар. Басты порты — Гётеборг (Швеция).

Швеция жағынан Каттегат бұғазына Гёта-Эльв, Лаган, Ниссан, Этран, Вискан өзендері құяды, ал Дания жағынан Гудено өзені құяды.

Айырықша ірі аралдар — Самсё, Уруст, Лесё, Анхольт.

Санат:Дания бұғаздары Санат:Скандинавия