Қарабас – Балқаш көлінің солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінен оңтүстік-батысқа қарай 85 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 664 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км шамасында.
Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалған бөліктері еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Түбек, шығысында Қарағаштау, оңтүстігінде Мұзбелжон таулары, батысында Сайадамөлді қонысы орналасқан.
Өсімдігі Сортаң, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, кермек, бетеге, бұталар өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары