Соңғы көш. (роман-дилогия) Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен жазылған «Соңғы көш» (1974-1981) роман-дилогиясы оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал.

Қысқаша мазмұны. Бірінші кітап

Қ. Жұмадiлов – Шығыс Түркістан халқының романдағы қамтылған кезеңдегi тартқан жәбiр-жапасы роман желiсiнде халық трагедиясы суреттеледі. Шығыс Түркiстан республикасы кетiп, Қытайдағы жаңа өкiмет армиясының Тарбағатай аймағына кiруiнен бастайды да, алпысыншы жылдардағы ел басына төнген зобалаңмен аяқтайды. Қанағат ауылы – жазушының өз ауылы, ақын жiгiт Естай жазушының өз прототипi болса, басқа да Шығыс Түркiстан республикасын көзiмен көрген, оның азаттығы жолында күрескен тағдырлас тiрi куәлар – өзiнiң күнделiктi көрiп жүрген араласқан адамдары.

« Соңғы көш» роман-дилогиясындағы образдар жүйесі Естай-басты кейіпкер, Қанағат бидің ұлы Қанағат би-Естайдың әкесі, әділ би, мектеп салдырды, әкесі мешіт салған. Балжан бәйбіше-Естайдың анасы, елуге еркін іліне қоймаған, сұңғақ бойлы, нұр жүзді, сабырлы адам. Нұрғазы- Қанағат бидің інісі, қырыққа келгенше сақал қоймаған, бет аузы жып-жылмағай Ұзақ-Қанағаттың немере әпкесін алған, кәрі жезде Әбілғазы-Жұмықтоғастың жүзбегі, сөзге жүйрік, заңшыл Жақып ақсақал-сексенге таяп қалған,Қараменденің үлкені,еті қайтпаған, үйелмендей толық кісі. аппақ сақалы белуарына түскенқалың бурыл қасы көзін жауып тұратын, шойындай қара шал Әкпар-жасы қырықтың ішін аралап кетсе де, бет аузына қылтанақ шықпаған қара сұр, көсе жігіт. Шөншік- саудагер, мұртты, дүрдиген ерінді Лан-ке-майор, Шыңжаңдағы Гомидаң армиясының бұрынғы әскері,Шығыс Түркістандағы ішкі істерді жүргізетін Саяси басқарманың бастығы Дүрия- Естай ұнатқан қыз, Нұғыман байдың сұлу қызы Жасыбай-Аймақтың бұрынғы уәлиі, соңғы бай. Жолбарыс- Естайдың жолдасы, жауырыны қақпақтай, қол аяғы шомбал,білегінің бұлшық еті саптаяқтай бөлек жатыр, қайратты ұзын шашы таспадай таралып, желкесіне құлаған.Шегір көзді,төртбақ сары жігіт,туыс жұрағаттан жұрдай жалқы жігіт.

Романдағы елді мекен,жер-cу атаулары Тарбағатай тауы, Майлы жайыр тауы, Орқашар биіктері, Арқарлы жазығы,Еміл өзені,Шәуешек, Шығыс Түркістан атауын жойып Шыңжаң "жаңа өлке" деп атаған, қазақтар "жамбыл" атаған Қытай қорғаны,Үрімжі,Қытай, Құлжа, Түркстан,Нұра

Роман-дилогиядағы тарихи оқиғалар Соңғы көш» роман-дилогиясының негiзгi арқауы Ресей империясы Қазақстанды толық жаулап алғаннан кейiн (1731-1868), ата мекенiнен бiртiндеп қуыла бастаған қандастарымыздың ұзақ жылғы ауыр тағдыры, әсiресе XX ғасырдың басынан басталатын 16, 20, 32, 37 жылдардағы тұрмыс тауқыметi, аштық азабы т.б. тарихи ахуал;1950-1980 жылдары ҚХР-да ғана нақты-тарихи мазмұнда туындаған саяси науқандардың зардаптары; 1962 жылы жиырма күн iшiнде екi жүз мың адам бiр демде өте шыққан ұлы көш, шетелдегi қазақтар өмiрiнен жазылған Қ.Жұмадiловтiң «Соңғы көш» романында тарихи шындық суреттелді.

Роман-дилогиядағы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер Есігіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Итті иесімен қинасын. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат. Қарынымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің кеткеніне жылаймын. Байсалды айғыр ат жақтайды, қу бас айғыр құлынын талайды. Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі. Бас жарылса бөрік ішінде Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын. Бассыз үйдің иті ырылдақ Балта көтергенше дөңбек жал табады. Әке малы балаға мал болмайды. Жаманға билік берсеңіз, ардақ тұтар асылды табанға салып илейді. Шындық сынбайды, иіледі. Жақсының кегі жібек орамал кепкенше Тез қасында қисық ағаш жатпас. Балықтың тілін бақа білер. Дұшпанымыздың дұшпаны- біздің досымыз Бала соққан кездіктің басы жарық. Қартайғанда кәрі боз жорға шықты. Күштінің аты тиірмен тартады. Шабдар атқа жал бітсе, Жаманкөзге мал бітеді. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Дереккөздер

http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/aza_debieti/abdesh_zh_madilov/10-1-0-202 Мұқаш Қожахметұлы. Дәуіріміздің дарабоз жазушысы Зарлы шындық жыршысы Қабдеш Жұмаділов. Басынан қаратаудың көш келедi

Санат:Тарихи еңбектер