Miles M.2 Hawk Trainer 1930-жылдары британдық Miles Aircraft Limited компаниясы жасап шығарған екі орынды жеңіл моноплан жаттығу ұшағы, Miles M.2 Hawk ұшағының негізінде жасалынған. Ұшақ британдық әуе күштері құрамында алғашқы ретті жаттығу ұшақ ретінде қолданылған. Бұл ұшақты меңгерген ұшқыштар артынша Miles Magister ұшағына көшкен.
Тарихы Miles Hawk Trainer ұшағы Hawk Major негізінде жасалды. Ол de Havilland Tiger Moth ұшағымен бірге Ұлыбритания Патшалық әуе күштерінің жаттығу ұшақтары флотын құрады. Ұшақта қосарланған басқару жүйесі, соқыр ұшуқ құрылғылары мен вакуумдық жалғасқанатшалар болды. 1937 жылы ұшақ жобасы Авиация министрлігінің тапсырмасымен жақсартлып, қарулануға M.14 Magister атауымен қабылданды.
Нұсқалары M.2W Hawk Trainer — de Havilland Gipsy Major жабдықталған ұшақтың алғашқы нұсқасы, 4 дана шығарылған. M.2X Hawk Trainer — бағыттаушы рөлінің балансы жоғарлатылған нұсқасы, 9 дана шығарылған. M.2Y Hawk Trainer — шамалы өзгертілген M.2X, 13 дана шығарылған.
Ескерту: Hawk Trainer Mk II және Mk III Miles Magister ұшағының нұсқалары болып табылады.
Техникалық сипаттамасы Ұшақтың техникалық сипаттамасы: Сипаттамалар M.2W Экипаж 2 ұшқышҰзындығы 7,3 м Қанат жаймасы 10,06 мҚанат ауданы 16,35 м²Биіктігі 2,03 мБос ұшақ салмағы 548,8 кгҰшу салмағы 780,2 кгҰшу қашықтығы 644 кмМаксимал көтерілу биіктігі 5,486 м Крейсерлік жылдамдығы 161 км/сағМаксималді жылдамдық 241 км/сағБиіктік жинау жылдамдығы 6,6 м/сҚозғалтқыш de Havilland Gipsy MajorҚозғалтқыштың қуаты 130 ат күші (97 кВ)
Қоданушылары Әскери қолданушылар
Ұлыбритания Патшалық Әуе күштері
Румыния Патшалық Әуе күштері Испания Испан Республикасының Әуе күштері Дереккөздер
Санат:Әскери ұшақтар Санат:Спорттық ұшақтар Санат:Жаттығу ұшақтары Санат:Miles ұшақтары