Қаратау емшөбі (лат. Paracaryum karataviense) – ерінгүлділер тұқымдасы, емшөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 20 см-дей. Тамыры жуан, бұтақтанған сабақтары болады. Жапырақтары қалақты немес қандауыр тәрізді. Тостағанша жапырақшалары түп жағынан 5 бөлікке бөлінген. Қос ерінді күлтелері қара қошқыл күлгін түсті, түтікке ұқсайды. Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі - жаңғақша, ұзындығы 10 мм - дей.

Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда Қаратау жотасының (Түркістан, Қызылорда облыстары) солтүстік-батыс бөлігіндегі тастақты тау беткейлерінде өседі. Қаратау емшөбі өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Айлауықтар Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер