Бөрлі — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Темір Масин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сайқын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 128 км-дей жерде, Нарын құмының теріскен, еркекшөп басым, әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен құмдауытты, шөл белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1108 адам (564 ер адам және 544 әйел адам) болса, 2009 жылы 1294 адамды (660 ер адам және 634 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 996 адамды (502 ер адам және 494 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1977 жылы Темір Масин атындағы жылқы өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланған. Кеңшар орталығы болған. 1978 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының бөлімшесі болған. Алайда Бөрлі ауылы - 17 ғасырда Байбақты және Табын рулары қыстаған ежелгі мекен орны. Бөрліде және округтегі Куйбышев, Тереңқұдық ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Ауылда Мәдина Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, кітапхана, медициналық бекет және мәдениет үйі жұмыс істейді. Ауыл орталығында Кеңестер Одағының батыры Темір Масиннің бюст-ескерткіші қойылған. Ауыл тұрғындары автокөлік жолы арқылы қатынайды.Батыс Қазақстан энциклопедиясы — Алматы: «Арыс» баспасы, 2010 ISBN 978-601-291-049-0

Дереккөздер

Санат:Бөкей ордасы ауданы елді мекендері