Андрей Николаевич Бекетов (26 қараша (8 желтоқсан) 1825 — 1 шілде 1902) - орыс ботанигі, педагог, қоғам қайраткері. Александр Александрович Блоктың атасы және Николай Николаевич Бекетовтың ағасы.

1849 ж. Қазан университетін бітірген. 1863-97 ж. Петербург университетінің профессоры, Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1895 ж.). Андрей Николаевич Бекетов - Петербургтегі жаратылыс зерттеушілер қоғамының негізін салушылардың бірі. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктердің жер бетіндегі вегетативтік органдарының құрылысындағы заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол - орыс тілінде тұңғыш рет жазылған "Өсімдіктер географиясы" оқулығының авторы. Алғашқы орыс дарвинисттердің бірі. Ботаника, география ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 242 бет.

Дереккөздер

Санат:Ресей ботаниктері Санат:Ресей педагогтары Санат:Қазан университеті түлектері