Porsche Macan (, () дегеннен — «жолбарыс») — немістің Porsche автоқұрылыс компаниясының шағын кроссовері. Audi Q5 негізінде жасалған ол алғаш рет 2013 жылы 20 қарашада Лос-Анджелес автосалонында таныстырылды.
Алғашқыда автокөлікті Porsche Cajun («Cajun» сөзі «Cayenne Junior» — «кіші Cayenne» сөздерінің шартты қысқартуы ретінде ойластырылған) деп атау қарастырылған болатын. Алайда 2012 жылы ақпанда көлік атауы Porsche Macan деп өзгертілді: компания көлік атауында индонезиялық тілдегі «мачан» («жолбарыс» дегенді білдіреді) сөзін қолдануды жөн тапты. Бірақ индонезиялық тілдегі сөздің дыбысталуы өзгеріске ұшырады: индонезиялық тілде «ч — /tʃ/» болып дыбысталатын «c» әріпі модельдің атауында көптеген еуропалық тілдердегідей «к — /k/» болып дыбысталды.
2013 жылы 20 қарашада Лос-Анджелес автосалонында Porsche Macan-ның ресми таныстырылуы болып өтті.Porsche раскрывает экстерьер компактного вседорожника Macan
Қызықты жайттар • Porsche Macan 1995 жылдан бергі төртцилиндрлі қозғалтқышпен жабыдқаталған алғашқы Porsche автокөлігі. Бұған дейін төртцилиндрлі қозғалтқыштар Porsche 968 моделіне қойылған болатын.
Дереккөздер
Санат:Porsche көліктері