Зульфия, толық аты-жөні Зульфия Исраилова (14 наурыз 1915, Өзбекстан, Ташкент қаласы – 1 тамыз 1996, Ташкент, Өзбекстан) — Өзбекстанның халық ақыны (1965), Социалистік Еңбек Ері (1984).
Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1935). 1938 – 50 жылдары республикалық көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1950 – 52 жылдары “Узбекистон хотин-кизлари” (қазіргі “Саодат”) журналының бөлім меңгерушісі, 1953 – 85 жылдары бас редакторы қызметтерін атқарған. Шығармалары 1930 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы “Өмір беттері” 1932 жылы жарық көрді. “Қыздар жыры” (1939), “Айрылысқан күндерде” (1944), “Хулкар” (1947), “Таңды жырлаймын” (1950), “Құрбылармен сырласу” (1953), “Жаныма жақын жандар” (1958), “Таңдамалы шығармалар” (1959), “Лирикалар” (1965), “Ойлар” (1965), “Бастау” (1969), “Менің көктемім” (1971), “Кездесу” (1972), “Өмір жолдары” (1974, КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1976), “Мазалайды махаббат” (1981), т.б. кітаптарында өзбек халқының салт-дәстүрі, қол жеткен табыстары, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі жырланады. Зульфия Өзбекстанның Мемлекеттік сыйлығы (1969), Джавахарлал Неру атындағы сыйлық (1968) лауреаты. Көптеген шығармалары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. Шығармалары қазақ тілінде “Өлеңдер” деген атпен (1960) жеке кітап болып шықты.
Әдебиет «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Өзбекстан ақындары Санат:Өзбек ақындары Санат:Өзбекстан жазушылары Санат:Ташкентте туғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогика университеті түлектері Санат:КСРО ақындары Санат:Достық орденінің (Өзбекстан) иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Өзбекстан КСР халық ақындары Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:КОКП мүшелері Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:Сырдария облысында (Ресей империясы) туғандар Санат:Шығатай зиратында жерленгендер