Паасикиви (Paasikivi) Юхо Кусти (27. 11. 1870, Тампере,—14. 12. 1956, Хельсинки) — Финляндия мемлекетінің қайраткері. 1892 ж. Хельсинки университетін бітірді, мамандығы — юрист. 1918 ж. (май — нояб.) — премьер-министр. 1920 ж. 14 октябрьде Финляндия мен РКФСР арасындағы бітім шартына қол қойды. 1940 ж. 12 наурызда совет-финлянд бітім шартына қол қойды. 1940— 1941 ж. Финляндияның Мәскеудегі елшісі. 1944—1946 ж. — премьер-министр. 1946—1956 ж.— Финляндпя Республикасының президенті. Финлянд- совет қатынастарын орнатуға зор үлес қосты. Финляндия мен Совет Одағы арасында достық қатынасты дамыту ісіндегі еңбегі үшін 1954 ж. Ленин орденімен марапатталды.

Санат:Тұлғалар Санат:Финляндия саясаткерлері