Пассар Андрей Александрович (25. 3. 1925— 03.01.2013 Хабаровск өлкесі, Нанай ауд.) — нанай совет ақыны. 1956 жылдан КОКП мүшесі. Балықшы семьясында туған. 1960 ж. КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірді. «Күн сәулесі» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1952 ж. жарияланды. «Мокона туралы аңыз», «Ана туралы жыр», «Он екі аюдың басы» атты поэмалары мен публицистикалық, лирикалық өлеңдерінде нанай фольклоры сарынымен ер жүрек аңшылардың, балықшылардың образын жасады. Пассар прозаик және орыс поэзиясын нанай тіліне аударушы ретінде де танылды. Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Андрей Александрович Пассар · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.