Жасымыққұс немесе Қызылқанат құралай () - Таушымшықтар тұқымдасына жататын өте жуан тұмсықты, ұзын қанатты және қысқа айыр құйрықты ірі денелі (30-45 г) қунақ.
Биологиялық сипаттамасы Жонының жалпы реңі - сары қоңыр, бауыры - қызғылт реңкті ақ, қанаты - қара, қызылдау қызғылт «көзтартары» бар. Аналықтан аталықтың айырмашылығы - басында қара «телпек» болмайды, қанатында қызғылт түстің азырақ болуы және баяу жүретіндей болып көрінеді, ал ұшқанда - шапшаң әрекет етеді. Ұшып жүріп «ти-лиу» деген таза, қанық ызылдаған дыбыс шығарады, әуені де дәл осындай таза дыбыстардан құралады. Мұндай дыбысты әсіресе бірнеше рет жаңғыртатын жартастар маңынан естіп, ләззаттануға болады.
Мекені Солтүстік Африка, Алдыңғы және Орта Азияның таулы аудандарында таралған. Қазақстанда Батыс Тәңіртаудың биік тауларында ұялайды, Жоңғар Алатауының аласа таулы жоталарында ұялайды, Жоңғар Алатауының аласа таулы жоталарынан және Зайсан қазаншұңқырындағы Маңырақ жотасынан кездестіруге болады. Ұялауы Ұясын тас астына немесе биік тауға өсетін жастықтәріздес тікенекті балбұршақтың (эспарцет) арасына салады. Салындыдағы 4-6 ұсақ секпілді бозғылт көгілдір жұмыртқаларды аналығы басады. Балапандарын ұяда алғашқы күндері жылытатын да аналығы, ал аталығы жем тасиды. Балапандар ұяны 16-күні тастайды, ал ата- енелері тағы біраз уақыт оларға қамқорлық жасайды және оларды қоректендіреді. Жасымыққұстар балапандары ұшқан соң топқа жиналып, жылдың көп бөлігін топтасып өткізеді. Ол қазан-қарашада ұшып кетедіМектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010 .
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Африка құстары Санат:Азия құстары