Тау жадырақ () - Торғайтәрізділер отрядінің Шақшақай тұқымдастарының биологиялық түрі. Өз атауына толық сай келген құс.

Таралуы Тау жадырақ Қазақстанда оңтүстік және шығыстың тек қана таулы аудандарында қоныстанады, оның үстіне әдетте теңіз деңгейінен 2 500 м жоғары биік тауларда өмір сүреді. Тау жадырақ бізге орман жадырақтан ертерек (наурызда) келіп, кейінірек (қазанда) ұшып кетеді, кей жылдары қыста да кездесуі мүмкін.

Биологиялық сипаттама Дене мөлшері орман жадырақтай. Тау жадырақ орман жадырақтан гөрі ашық реңді және қауырсын жабыны бойлай созылатын алабажақсыз біркелкі реңкті. Жақыннан қара сирақтары жақсы көрінеді, ал орман жадырақтың сирақтары ақшыл, дене түстес. Тәңіртаудағы субальпілік шалғында іргелес жүріп кездесетін орман жадырағынан тау жадырағын осы белгілері бойынша ажырату оңай. Тау жадырақтың қылығы жадырақтар типтес, алайда орман жадыраққа қарағанда оның дауысы едәуір жоғары және сыңғырлап естіледі. Соған сәйкес орман жадырақтың сайрауы - «тититититн» сияқты емес, тау жадырақтың сайрау дыбысы «сисисисиси» деп аяқталады. Құсойнақта ұшу жолы шырқау биіктікке көтерілмей, тау беткейінен жазық доға түрінде өтеді. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010

Дереккөздер

Санат:Жадырақтар Санат:Еуразия құстары