Самар — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Самар ауданы мен Самар ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Лайлы өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен75296542 5948 90,9 3096 2862 92,4 3446 3086 89,6

Тарихы Іргесі 1906-10 жылдары қаланып, алғашқы атауы Самар губерниясынан қоныс аударғандарға байланысты "Самарка" деп аталып, кейін 1964 жылы "Самарское" деп өзгертілді. 1928–1930 және 1935–1997 жылдары таратылған Самар ауданының орталығы болған. 1997 жылға дейін сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болып, ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, дүкендер жұмыс істейді. 2022 жылдан қайта құрылған Самар ауданының орталығы.

Инфрақұрылымы Кәсіптік-техникалық мектеп, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, балалар бақшасы, аудандық маңызы бар аурухана, автовокзал, т.б. бар.

Дереккөздер

Санат:Самар ауданы елді мекендері