Ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis) - орташа денелі (500-900 г) үйрек.
Биологиялық сипаттама Ұшқыр үйректің басы кішкене, жүзіп жүргенде судан сәл көтеріңкі, екі ұзын құйрық қауырсын аяқталатын ұзын құйрықты болып келеді. Аталығы күйттік жасануда бүкіл жоны мен денесінің алдыңғы бөлігі - қошқыл бурыл, бастың екі жағы - түтін түстес, бауыры - ақ. Аналықтың жоны қошқылдау және екі бүйірі ақшыл болады. Қыста аталық пен аналықтың басы және мойны - ақ, бастың екі жағында қошқыл теңбілді болып келеді. Бұл үйректердің дауысы қалған барлық түрлерден ерекше - күшті және әуезді. Ұшқыр үйректің балапандары басқа үйректердікіндей ширақ балапанды типті болғанына қарамастан, олар суға дереу бармайды, тек бірнеше күннен кейін ғана барады. Негізгі қорегі тек қана жануартекті азықтар - ұсақ шаянтәріздестер, ұлулар, су бунақденелілері және солардың дернәсілдері, ұсақ балықтардан да жерінбейді. Таралуы Шығыс, сондай-ақ батыс жарты шарларда экватордан солтүстікке қарай тундра зонасына қоныстанады, шағын суқоймалардың маңында ұялайды. Көп жиналған жерлерде әуесқойлық және кәсіби аулау нысаны болып есептеледі. Қазақстанда тек қана сәуір-мамыр мен қыркүйек-қазанда ұшып өткен кезде болады. Жазғы уақытта бірнеше рет жалғыз-жарымы кездесті.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Дереккөздер
Санат:Қазтәрізділер Санат:Еуразия құстары