Тиаго Эмилиано да Силва (порт. Thiago Emiliano da Silva; 22 қыркүйек 1984, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — Бразилия футболшысы, орталық қорғаушы қызметін атқарады. Өмірбаяны Мансабы «Динамо» Ең алдымен Силва «Жувентуде» командасында ойнады, көп кешікпей Силва Еуропалық клубтарға қызығып, ең алдымен «Порту» клубында ойнап, содан кейін 2005 жылы Мәскеулік «Динамо» клубында өнер көрсетті. Силва сол кезде жалға алынған болатын. Ол сол жылы ауырып қалып, 2007 жылға дейін жалға алу мерзімі бітпей тұрып кетуге мәжбүр болды. Тиаго Мәскеу клубынан кетуге арызданды. Бірақ Мәскеу клубы Силвадан 15 млн еуро талап етті. Тиаго 2005 жылы Ресейде қатты ауырып, ол Мәскеу клубында бірде-бір ойын өткізбеді. Сол кезде Силва:
"2005 жылы мені Мәскеулік «Динамо» клубы жалға алған болатын. Бірақ Мәскеде өте қатты суық болды, сол себепті мен ауырып қалдым. Мен ауруханада сол кезде 6 айдай жаттым. Мен өзімді күнде аш сияқты сезіндім. Менің анам мені ауырмаған сияқты көрді, бірақ мен ол кезде қозғала алмадым. Дәрігерлер маған серуендеуге кеңес берді, бірақ мен ол кезде төсек тартып жатып қалып, тұруға да шамам жетпеді. Менің денеме ине салып, күніне 10-15 таблеткадан берді. 6 айдай мен туберкулезбен ауырдым. Егер мен тағы да 2 апта тұратын болсам-мен өлген едім. Мен сол кездерді әрдайым есіме аламын. Мен сол кезде футболдан кетуді ойладым" -деді. нобай|Тиаго Силва "Алтын Самба" жүлдесін жеңіп алғандағы марапатталуы|left «Флуминенсе» 2006 жылы Силва өз туан жеріне қайтты. Сол жерде Силва «Флуминенсе» командасында өнерін көрсетті. Ол команданың көшбасшысының бірі атанды. Силваның арқасында «Флуминенсе» командасы 2008 жылы Либертадорес кубогына болған чемпионатта осы клуб финалға дейін жетті. Өзінің ойынының арқасында Силва Бразилия құрама-командасына қабылданып, сол командада қола медальға ие болды ( ОИ-2008). «Милан» 2011 жылы 18 мамырда «Миланмен» келісім-шартқа отырып, 2016 жылдың 30 маусымға дейін жалданды. 27 қарашада өз елдің ішінде «Кьево» клубымен болған кездесуде, Силва капитандық байлауышпен ең алғаш рет алаңға шығып, ең алғашқы голын соқты. Бұл кездесу 4:0 мен "Милан" командасының пайдасына шешілді. Сол жылы Силва "Алтын Самба" жүлдесін ұтып алды. Бұл Бразилияның жақсы футболшыларына берілетін сыйлық болды. «Пари Сен-Жермен» 2012 жылы 14 шілдеде «Пари Сен-Жермен» атты француз клубымен келісім-шартқа отырды. Ол 5 жыл осы командада өнерін көрсететін болды.
Жетістіктері Командадағы жетістіктері Бразилия кубогын иемденуші: 2007 Либертадорес кубогының финалына жетушісі: 2008 Италия Чемпионы: 2010/11 Италия Суперкубогының емденушісі: 2011 Франция Чемпионы: 2013, 2014, 2015, 2016, 2018, 2019, 2020 Франция Суперкубогының жеңімпазы: 2013, 2015, 2017, 2018, 2019 Франция лигасында Кубок иегері: 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20 Франция кубогы: 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20 Олимпиядалық ойындарында қола жүлдегер: 2008 Америка кубогы: 2019 Чемпиондар лигасы: 2020/20
Жеке жетістіктері Италия Чемпионатының үздік қорғаушысы: 2010/11 "Алтын самба" жүлдесінің иегері: 2011, 2012, 2013 Дереккөздер
Санат:Бразилия футболшылары Санат:22 қыркүйекте туғандар Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Челси ФК ойыншылары