Кәсіптік-техникалық білім — кәсіптік-техникалық оқу орындарында және өндірісте оқыту жолымен шаруашылық салалары үшін білікті жұмысшы кадрлар даярлау жүйесі; белгілі бір жұмысшылық кәсіп, мамандық бойынша жұмысты біліктілікпен орындауға мүмкіндік беретін жүйеленген білімдердің, ісмерлік білік пен машық-дағдылардың жиынтығы.

Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жалпы білім беретін, орташа және орта білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, тікелей өндірісте, оқу өндірістік комбинаттары мен орталықтарда, курстарда жүргізіледі;«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Тағы қараңыз Кәсіптік білім

Дереккөздер

Санат:Кәсіптік білім