Рютгерюс Йоханнес Мартиниус ван Нистелрой (нидерл. Rutgerus Johannes Martinius van Nistelrooij; 1976 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келгенhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3407, Осс, Нидерланд), Руд ван Нистелрой атымен танымал — голландиялық футболшы, шабуылшы.

Мансабы Карьерасында ПСВ, "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид", "Гамбург", "Мальорка" клубтарында ойнап, 2012 жылы карьерасын аяқтады. Нидерланд, Англия, Испания чемпионы атанды.

2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Екінші турда Кот-Д'Ивуар қақпасына екінші голды соқты. Сондай-ақ ЕУРО-2004, ЕУРО-2008 турнирлерінде де бірнеше маңызды голдарды қақпаға енгізді.

Қызықты мәліметтер Руд ван Нистелрой голландиялық тағы бір танымал футболшы Патрик Клюйвертпен бір күнде дүниеге келген. Нистелрой өз отбасымен көптеген қоғамдық көмек акцияларына қатысады

Жетістіктері

Командалық «ПСВ»

Нидерланд чемпионы: 2000, 2001 Нидерланд суперкубогы: 1999, 2000

«Манчестер Юнайтед»

Англия чемпионы: 2003 Англия кубогы: 2004 Англия суперкубогы: 2003 Лига кубогы: 2006

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы: 2007, 2008 Испания суперкубогы: 2008

Жеке

ФИФА-100 тізіміне енген Нидерландыдағы жыл футболшысы: 1999, 2000 Премер Лиганың үздік футболшысы: 2002/03

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі (Нэшнл.футбол.тим)

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Малага ФК ойыншылары