Луис Густаво Диас (порт. Luis Gustavo Dias; 23 шілде 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/10471, Пиндамоньянгаба) — қорғаныс шебіндегі бразилиялық ойыншы. 2013 жылы Конфедерациялар кубогына, 2014 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Мансабы 2008/09 маусымда 28 ойын ішінде 27-сінде негізгі сапта өнер көрсетті. Сол ойындарда ол 12 сары қағазға ие болды. 8 қыркүйектің 2010 жылы Бундеслигадағы бірінші голын «Кайзерслаутерн» қақпасына соқты.

1 қаңтардың 2011 жылы Густаво мюнхендік "Бавариямен" 4,5 жылдық келісім шартқа қол қойды. 2011/12 маусымында Густаво Бундеслигада 28 ойын ойнады. Сол ойындарда ол 1 гол соғып, 5 сары қағаз иеленді. 15 тамыздың 2013 жылы Густаво «Вольфсбург» клубына өтті.

Жетістіктері Германия Чемпионы: 2013 Германия Суперкубогының иегері: 2012, 2015 Чемпиондар Лигасының иегері: 2013 Германия Кубогының иегері: 2012/13ғ 2014/15 Конфедерация Кубогының иегері: 2013 УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2017/18

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Профилі

Санат:1987 жылы туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары