Орманқунақ (Pinicola enucleator) - қампайған жуан тұмсықты және құйрығы ұзын, дене мөлшері қараторғайдай ірілеу (42-65 г) қунақтың бір түрі. Ересек аталықтың қауырсындарында таңқурай түсті рең басымырақ, оны әсіресе басынан, мойнынан және жонының алдыңғы бөлігінен байқауға болады. Аналығында бұл түс - жасылдау сарғыш реңді, ал жас аталықтарда қызылсары - қызғылт түсті болып келеді. Еуразия және Солтүстік Американың тайгасында мекендейді. Қазақстанға ең жақын ұялау орны - Алтайдың шекаралық үлескілері. Қазақстандық бөлігінен де кездеседі. Бұдан басқа орманқунақтың қашығырақ - Қарағандыға, Орынборға, Оралға ұшып баруы мәлім. Жылыстау кезінде шағын топ құрып, бірімен-бірі ысқырық арқылы қиқуласады.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Дереккөздер
Санат:Қунақ тұқымдасы Санат:Еуразия құстары