Қойбағар – Қызыларай тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны мен сипаты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қошқар ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 731 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі жайпақ, батыс бөлігінде қорымтастардың үйіндісі шоғырланған. Солтүстік-шығысында Қошқар, батысында Желтау таулары, оңтүстігінде Қоғалыжайдақ, шығысында Үшоба бұлақтары бар.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында көкпек, боз, бетеге, жусан, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары