Қурайлы – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 421 км2 .

Бастауы Бастауын Жетісеңгір тауының шығысындағы бұлақтардан алып, Құйған ауылының тұсында Байқоңыр өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, тік жарлы. Жер асты, қар суларымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 28 саласы бар. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы - жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы