Қонақай — Терісаққан алабындағы көл.

Географиялық орны мен сипаты Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік-батысында, Кенен мен Сарыдоңғал таулары аралығында орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 30 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км², ұзындығы 2,7 км, енді жері 0,5 км, жағалау бойының ұзындығы 6,3 км. Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жазық. Тек солтүстік бөлігі біршама жарлауытты. Жағалау бойында қамыс, құрақ шоғырлары кенздеседі.

Су алабы Солтүстігінен Терісаққан өзеніне қарай шағын өзен ағып шығады. Жаз айларында кеппейді. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Негізінен жер асты суымен толысады. Алабы шабындық және мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері