Порай-Кошиц, Александр Евгеньевич [26.09(8.10).1877, Қазан, — 17.04.1949, Ленинград] — кеңес химик-органигі. КСРО ғылым академиясының академигі (1935; корр. мүшесі 1931). 1903 ж. - Санкт-Петербург технология институтын бітірген. 1905 жылдан өмірінің соңына дейін сонда оқытушы. КСРО ғылым академиясының Органикалық химимия институтында зертхана меңгерушісі (1941). Порай-Кошицтің ғылыми еңбектері органикалық химияға, көбіне ароматты қосылыстарға арналған. Бірнеше бояғыш заттарды синтездеп, бояу процестерінің химиясын зерттеген. Порай-Кошиц фурфурол алудың әдісін ұсынды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1943). Ленин орденімен және 3 рет басқа орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО химиктері Санат:Академиктер Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері