Потехин Иван Изосимович (18. 9(1.10). 1903, Кривошеино, Красноярск өлкесі, қазіргі Новоселовск ауд.,— 17. 9. 1964, Мәскеу) — Африканы зерттеуші кеңес ғалымы. Тарих ғылымдарының докторы (1955), профессор.
1932 ж. Ленинградтағы шығыс институтын бітірді. 1949—1959 ж. КСРО ҒА Этногрофиялық институты директорының орынбасары, 1959—64 ж. КСРО ҒА Африка институтының директоры. Негізгі еңбектері жаңа және қазіргі заман тарихына, Африканың экономикасы мен этнографиясына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:1903 жылы туғандар Санат:1964 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО ғалымдары Санат:Елдер бойынша этнографтар