Тьяго Алькантара ду Насименту (; ; 11 сәуір 1991 жыл, Бари, Италия) — испаниялық футболшы, клубының жартылай қорғаушы. Мазиньоның ұлы, Рафиньяның ағасы.
Мансабы 14 жасында "Барселона" академиясына қабылданды. Негізгі құрамға 2008/09 жылғы маусымда ілікті. 2009 жылы 17 мамырда "Мальоркаға" қарсы тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты.
2009/10 жылғы маусымда негізгі құрамда екі ойын өткізді. Соның бірінде (2010 жылы 20 ақпанда "Расингтің" қақпасына) гол соқты.
2011/12 жылғы маусымда клубтың негізгі ойыншысы болды.
2013 жылы шілдеде "Баварияға" ауысты. Ойыншыға "Реал Мадрид", "Манчестер Юнайтед" секілді клубтар қызығушылық танытты, бірақ Тьягоның өзі бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Баварияны" таңдады.
Испания құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері «Барселона»
Испания чемпионы (4): 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13 Испания кубогы (2): 2008/09, 2011/12 Испания суперкубогы (3): 2009, 2010, 2011 Чемпиондар лигасы (2): 2008/09, 2010/11 УЕФА суперкубогы: 2011 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2011
«Бавария»
Германия чемпионы (6): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Германия кубогы (3): 2013/14, 2015/16, 2018/19 Германия суперкубогы (3): 2016, 2017, 2018 УЕФА Суперкубогы: 2013 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2013
Испания
Еуропа чемпионы: (17 жас) 2008 Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2011, 2013
Дереккөздер
Сілтемелер
Ресми сайт Профилі
Санат:1991 жылы туғандар Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары