XIV Луи де Бурбон немесе Ұлы Луи (), туған кезіндегі аты Луи-Дьёдонне («Құдай берген», ), лақап аты «Күн-король» (), (05.09.1638, Сен-Жермен-ан-Ле —01.09.1715, Версаль) — Францияның және Наварра корольдігінің королі. 1643 жылдың 14 мамырдан бастап 72 жыл билікте болған, бұл Еуропа монархтарының арасындағы ел басқарудан ең ұзақ мерзім.
XIII Луидің баласы. 1661 жылға дейін билік іс жүзінде кардинал Мазаринидің қолында болды.
Жас кезінде Фронда соғысын көрген Луи абсолютті монархияның және корольдардың «құдаймен тең» құқықтары болуын жақтаған. «Мемлекет - ол мен!» деген атақты сөйлемшені тап осы Луи айтқан деп есептеледі.
Луидің билік кезеңі Францияның бірігіп нығаюымен, оның әскери күштерінің, елдің саяси жағындағы салмағының ұлғаюымен және жалпы интеллектуалды, мәдени тарапынан көркемдеуімен сипатталады. Бұл кезен Францияның тарихына «Ұлы ғасыр» ( атымен кірді. Сонымен бірге, дәл осы кезде көпжылдық шиеленіскен әскери жанжадар туындап, нәтижесінде салықтар үлкейді. Осы жағдайдың саласынан халық арасында наразылақ туындап, халық көтерілістерге алып келген. Ал дінге еріктік туралы «Нант эдиктінің» күшін жойғызған «Эдикт Фонтенблоны» қабылдағаннан кейін 200 мыңнан астам гугеноттар Франциядан жер аударуға мәжбүр болған.
Франция үшін тиімді Вестфаль (1648) және Пиреней (1659) бітімдері жасалды. Ол көп соғысты, 1681 жылы Страсбургты қосып алды. Шіркеуді бағындыру үшін папа XI Иннокентийге қарсы күресті. Янсеншілдер мен кальвиншілерді қуғынға ұшыратты. Халықты аяусыз езіп, наразылық туғызды да, еңбекші бұқара көтерілісі өріс қалды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Сен-Дени аббаттығында жерленгендер Санат:Киелі рух орденінің иегерлері Санат:Әулие Микаил (Франция) орденінің иегерлері Санат:Әулие Луи орденінің иегерлері Санат:Франция королдері Санат:Наварра королдері Санат:Франциялық Бурбондар Санат:Франция дофиндері Санат:Таққа отырған балалар Санат:XVII ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:XVIII ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:Гангренадан қайтыс болғандар Санат:Франция ханзадалары (Бурбондар) Санат:XVII ғасыр саясаткерлері Санат:XVIII ғасыр саясаткерлері Санат:Аугсбург бірлестігі лигасының соғысы қатысушылары