Абайлаңыз, сиыр! (орысша Осторожно, корова!) — 2014 жылы шыққан режиссері – Асқар Ұзабаев пен продюсері – Баян Есентаеваның комедиялық жанрда түсірілген фильмі. Фильмнің сюжеті Алматы, 1993 жыл. Сиыр деген лақап атты жас семіз студент қыз Айгүлді барлық курстастары әжуа қылады. Барлық студент қыздар сияқты, ол да топтарындағы ең әдемі Марлен есімді жігітке ғашық болады. Студенттік кештердің бірінде бойжеткен оған өз сезімін білдіруге шешім қабылдайды, бірақ сол әрекеті сәтсіздікке ұшырап, масқара болады. 20 жылдан кейін Айгүл кішігірім ауыл әкімі лауазымына сайлауға түсуді ұйғарады және оның ең басты бәсекелесі сол баяғы Марлен болады. Айгүлге махаббат пен депутат мандаты арасында таңдау жасауға тура келеді.
Рөлдерде Азамат Сатыбалды Баян Есентаева Азат Сейтметов Әбунасыр Серіков Айгүл Иманбаева
Сыртқы сілтемелер Киностан сайтында
Фильмнің толық нұсқасы
Фильм жайлы
Санат:Қазақстан фильмдері Санат:2014 жылғы фильмдер Санат:2014 жылғы Қазақстан фильмдері