Формула-1 () – болидтермен жарысатын айналмалы автожарыс бойынша әлем чемпионаты. Формула-1 немесе “Корольдық формула” автожарыстардың ең танымал, қымбат және жоғары технологиялық түрі болып табылады. Формула-1 әлемдік чемпионаты жыл сайын өткізіледі және жеке Гран-при немесе сатылардан тұрады. Формула-1 – ге жеке пилоттармен қатар командалар да қатыса алады. Пилоттар әлем жеңімпазы лауазымы, ал командалар конструкторлар Кубогы үшін жарысады. Формула-1 жарысына қатысатын командалар Гран-приде өздері шығарған болидтерді қолданады. Осылайша, команданың мақсаты тек жылдам және тәжірибелі пилотты жалдап, және машинаны сауатты бабына келтіруді және жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар болидті “нөлден бастап” жобалау және құрастыру болып табылады. Командалар болидтерді өз технологиялары бойынша құрастыратын болғандықтан және командалардың арасында жоғары бәсекелестік болу нәтижесінде, Формула-1-де әрдайым өзіндік техникалық шешімдер туындап отырады, бұл жарыстық болидтермен қатар жол автомобильдерінің де қарқынды дамуына әкеледі. Сонымен қатар, уақыт өте келе Формула-1-дің автомобильдік өнеркәсіптің қарқынды дамуының қозғалтқышы ретіндегі ролі жаймендеп төмендейді: бір жағынан кейбір техникалық шешімдерді күрделі өзгеріссіз сериялы машиналар қатарына қосуға болатындықтан, екінші жағынан серияларды ұйымдастырушылардың командалардың шығынын азайтуға жалпы ұмтылыстарынан болады. Формула-1 әлем чемпионатына алғаш ұсынылған сериялық технологияның ең белгілі мысалына антипробуксовалық (АПС) жүйесін жатқызуға болады. Алғаш рет бұл жүйе 1990 жылы Ferrari командасымен ұсынылды. Одан кейін, 1994 жылдың маусымында АПС-ке тыйым салынғаннан кейін, бұл технология жаймендеп автоөндірушілермен сериялы автомобильдерге енгізіле бастады. Антипробуксовалық жүйе Формула-1-де аздаған уақыт көрініп жүрді, бірақ ұзаққа созылмай қайта тыйым салынды, оған себеп болған мұндай болидтің өте күрделі электронды “начинкасы” пилоттардың көптеген қателерін нивелирует. Жарысқа қатысушылардың болидтері Формула-1-дің техникалық регламенттеріне сәйкес келуі керек және соққыға беріктілік тестінен өтуі қажет. Регламент және бүкіл жарыс сериясы автоспорттың Халықаралық Федерациясының қарамағына қарайды.

Негізгі ережелер

Әр команда өз болиді үшін шассиді өздері жасайды. Мотторлар мен шиналарды басқа өндірушілерден алуларына болады, қазіргі Формула-1-де осылай: командалардың барлығында дерлік автоөндіруші-серіктесі бар, олар мотормен қамтамасыз етеді. Машиналардың техникалық регламентке сәйкестігін автоспорт Халықаралық федерациясының стюардтары бақылайды. Әр Гран-приде әр командадан екі пилот әр түрлі болидтермен жарысқа түседі. Егер командалар жарыс сөресіне шықпаса не бір ғана болид шығарған жағдайда айыппұлмен жазаланады. Гран-при жұмадан жексенбіге дейін болады және емін-еркін жарыстан, квалификация және жарыстан тұрады. Маусым әр түрлі Гран-при санынан тұрады: 1950 жылы 7 рет, 2005 жылы 19 рет және әдетте наурыз бен қазан айлары арасында өтеді. Жарыс мәресінің алғашқы 10 орнына пилоттар мен командалар 25-18-15-12-10-8-6-4-2-1 жүйесі бойынша ұпай алады. Жарысушылардың алғаш келген үшеуі подиумға шығарылады. Жеңімпаздың құрметіне қай ел үшін жарысқа түссе, сол елдің әнұранын қояды, одан кейін – жеңімпаз командасы өзін қай елге жатқызады, сол елдің әнұраны қойылады. Жарыста пилоттардың жинаған ұпайлары әлем жеңімпазы титулы үшін сайыстағы есепшотына (санағына) қосылады, және де олардың командаларының Конструкторлар Кубогы үшін сайыстағы есепшотына (санағына) қосылады.

Гран-при Гран-придің жүргізілу тәртібі, командалар мен пилоттардың міндеттері спорттық регламентпен анықталады. Оның қағидалары Формула-1 әлем чемпионатына қатысушыларымен мүлтіксіз сақталуы керек. Гран-приде жарыс және квалификацияға бір командадан екі пилоттан қатысуларына болады. Сонымен қатар жұмада өтетін емін-еркін жарыста команда үшінші пилотты қолдануына болады, бірақ жарысқа тек екі машина қатыса алады. Ауырған не орынды басқа себеп болған жағдайда үшінші пилот квалификация және жарыста команданың басты пилотының бірінің орнына шыға алады. Запастағы пилоттың жарыста жинаған ұпайы оның өзінің әлем чемпионатындағы есепшотына қосылады; конструкторлар Кубогы үшін жарыста бұл ұпайлар команданың, ол үшін басты пилот қатысқандай, есепшотына қосылады. Маусым кезінде бір команда үшін өзіне және командасына ұпай жинай отырып, 4 пилотқа дейін қатыса алады. Гран-приге қатысу үшін пилот Халықаралық автоспорт федерациясының суперлицензиясын алу міндетті.

Емін-еркін жарыс

Емін-еркін жарыстар үш сессия ішінде өткізіледі, әрқайсысының ұзақтығы 1 сағат. Екі сессия жұма күні өткізіледі, үшіншісі сенбі күні квалификацияның алдында өтеді. Емін-еркін жарыстар кезінде жарысушылар трассамен танысу үшін және болидтерді бейімдеу үшін трассада еркін, өздеріне ыңғайлы тәртіпте жүріп өтеді. Пилот жарысқа қатысу үшін кем дегенде емін-еркін жарыстардың бір сессиясына қатысуы тиіс (яғни кем дегенде шеңберді бір айналып өтуі тиіс).

Квалификация

Формула-1-дің көп жылғы тарихы бойынша квалификация бірнеше рет өзгерді. Формула-1 –де қолданылған барлық форматтарды “Формула-1 квалификациясы” мақаласынан көруге болады. Квалификация сенбі күні өткізіледі және 15 минуттық үш сессиядан тұрады. Пилот әр сессия уақытында қалағанынша және үлгергенінше шеңберді бірнеше рет айналып өтуіне болады. Ең аз уақыт ішінде жүріп өтілген шеңбер есепке алынады. 1. Бірінші сессияға барлық пилоттар қатысады. Олар 14:00-ден 14:15-ке дейін бірнеше рет шеңберді айналып өтеді. Әр пилот үшін шеңберді ең аз уақытта жүріп өткен уақыты таңдалады, қалған 6 пилот старт алу позициясына таласқа түспейді, олар 17-ден 22-ге дейінгі орындарды иемденеді. 2. Екінші сессияға қалған 16 пилот қатысады, олар тағы да бірнеше рет шеңберді 14:20-ден 14:35-ке дейінгі уақытта айналып өтеді. Бұл сессияның нәтижесі бойынша нашар уақыт бірлігін көрсеткен 6 пилот тағы шығып қалады. Олар 11-ден 16-ға дейінгі орындарды иемденеді. 3. Үшінші сессияға екінші сессияда жақсы уақыт бірлігін көрсеткен 10 пилот қатысады. Олар өзара алдындағы тәртіп бойынша сайысқа түседі. Тағы да шеңберді жүріп өткен уақыттарын салыстыра отырып, бастапқы 10 орын анықталады.

Бұл тәртіп 22 машина жарысқа түскенде қолданылады, егер 24 машина қатысса, онда бірінші және екінші сессиядан кейін 7 қатысушыдан шығып отырады. Бірінші және екінші сессияда пилоттар квалификациялық шеңберлерді кез- келген мөлшердегі отынмен жүріп өтулеріне болады. Алғашқы екі сессияның нәтижесі бойынша шығып қалған болидтер жанармаймен толықтырылады да, жарысқа түсуге дайындалады. Үшінші сессияда шығатын пилоттар шеңберлерді айналып жүріп өтпес бұрын жанармаймен толықтырулары керек. Кваливикация аяқталғаннан кейін болидтер жабық паркке апарылады, яғни жарыс басталғанға дейін оны жанармаймен толықтыруға, баптауларын өзгертуге немесе “жаңа аяқ киім кигізуге” басқа дөңгелекпен жабдықтауға болмайды.

Жарыс Жарыс жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де өткізіледі. Жарыс барысында пилоттар автодромның шеңберінің ұзындығына сәйкес алдын ала анықталған шеңбер санын айналып өтулері тиіс. Әдетте жарыс ара қашықтығы 305км-ден сәл асады (Моноко Гран-приінен басқалары). Сонымен қатар жарыс 2 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, егер лидер 2 сағаттың ішінде жарыстың бүкіл дистанциясын өтіп шыға алмаса, онда 2 сағат біту мезетінде жарысушы тұрған шеңбер соңғы болып қабылданады. Жарыстың басталуына 15 минут қалғанда болидтер пит-лейннен шығып, квалификация нәтижесіне сәйкес бастама торынан өз орындарын табулары тиіс. Бастама торында команда мүшелері болидтерге қызмет жасауларына болады, бірақ жарыс басталуына 15 секунд қалғанда бастау алаңын болидтерде отырған пилоттардан басқалардың барлығы кетулері тиіс. Бағдаршам белгісі бойынша пилоттар қыздыру (прогревочный) шеңберін жүріп өтулері тиіс, бұл шеңберді айналу уақытында болидтердің бір-бірінен басып озуларына тыйым салынады. Қыздыру (прогревочный) шеңбері, негізінен, резинаны қыздыра отырып, оның жарыстық сипаттамаларын жақсарту үшін қолданылады. Қыздыру (прогревочный) шеңбері аяқталғанда болидтер қайта бастама торына орналасады және бағдаршамның белгісінен кейін жарысқа түседі. Жарыс барысында командалар болидтерді жанармаймен толықтыру үшін не резинаны ауыстыру үшін еркінше бірнеше рет пит-тоқтаулар алуларына болады. Пит-тоқтаулар саны және олардың жарыс барысында таралуы жарыс стратегиясын анықтайды. Жақсы стратегия әдетте әлсіз машинаның әлдеқайда күшті машинадан үстем шығуына әкеледі. Көбінесе командалар трассаға, машинаға және таңдалған стратегияға сәйкес 1-ден 3-ке дейін пит-тоқтаулар алады. Пит- ленге кіргеннен кейін жарысушы жылдамдығын 100км/сағ дейі төмендетуі тиіс. (Монакода-80км/сағ). Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, және де кейде пит- лейн арқылы жол трасса бойымен жүрген жолға қарағанда қысқарақ болуымен түсіндіріледі (“Қызықты фактілер” пунктін қараңыз). Пит-стопта пилоттар өз командаларының бокстерінің қарсы жағына тоқтайды. Осы мезетте механиктер біруақытта машиналарды жанармаймен толтырады, резиналарын ауыстырады және басқа да керекті өзгертулерді енгізеді. Пит-стоп мезетінде әсіресе Формула-1-де командалық жұмыс жақсы көзге түседі: механиктер жылдам және ұйымшылдықпен қызмет көрсетеді, әдетте пит-стопқа 10 секундтан аз уақыт кетеді. Жарыстың соңында алғашқы 10 пилот және олардың командалары 25-18-15-12-10-8-6-4-2-1 жүйесі бойынша ұпай алады. Бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған пилоттар подиумға шығып кубоктарды алады. Және де кубокты ұтқан команданың мүшесі алады. Жеңімпаздың құрметіне оның елінің әнұраны қойылады, одан кейін жеңімпаздың командасы қай ел үшін жарысқа қатысса, сол елдің әнұраны қойылады. Содан кейін дәстүрлі шампаннан жаңбырлату басталады: пилоттар бірін-бірі шампанмен атқылап, табысты аяқталған Гран-примен құттықтайды.

Әлемдік жарыс және конструкторлар Кубогы

Формула-1-дің әрбір маусымы пилоттар үшін әлем жеңімпазы болу үшін жарыс, ал командалар үшін конструкторлар Кубогы үшін жарыс болып табылады. Маусым бойынша пилоттардың Гран-приде жинаған ұпайлары олардың есебінде бар ұпайларға қосылады. Команда әр жарыс үшін екі пилотының жинаған ұпайларының бүкіл қосынды ұпайларын алады. Маусымның аяғында ұпайлардың қайта есебі жүріп екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.

Жарыс үшін ұпайды алғашқы 10 пилот алады (2009 жылға дейін мәреге бұрын жеткен 8 пилот қана ұпай алатын болған), егер олар қорытынды классификацияға түссе. Ұпай беру жүйесі мынадай:

1 орын – 25 ұпай 2 орын – 18 ұпай 3 орын – 15 ұпай 4 орын – 12 ұпай 5 орын – 10 ұпай 6 орын – 8 ұпай 7 орын – 6 ұпай 8 орын – 4 ұпай 9 орын – 2 ұпай 10 орын – 1 ұпай

2009 жылға дейін қолданылған ұпай беру жүйесі:

1 орын - 10 ұпай 2 орын - 8 ұпай 3 орын - 6 ұпай 4 орын - 5 ұпай 5 орын - 4 ұпай 6 орын - 3 ұпай 7 орын - 2 ұпай 8 орын - 1 ұпай

Болидтердің негізгі сипаттамалары

Болидтердің сипаттамасы техникалық регламентпен анықталады, оның сәйкестігін Халықаралық автоспорт федерациясының стюардтары бақылап отырады.

Шасси Формула-1 болидтері көміртекпластикалық монокок корпустан сыртқары орналасқан төрт дөңгелектен тұрады, оның артқы екеуі – жүргізуші, алдыңғы екеуі – жетекші болып табылады. Пилот болидтің алдыңғы бөлігіндегі тар кабинканың ішіне орналасады және оны рульдің және тежегіш педалі мен газдың көмегімен басқарады. Формула-1-дің болидтерінің жылдамдығы 300 км/сағ жиі асатындығына қарамастан, Формула-1 ең жылдам автожарыс түрі болып табылмайды. Формула-1-дің негізгі жетістігі – бұл өте тиімді тежегіштік және аэродинамикалық жүйесі. Тежегіш күшейткіштері және антиблок-тық тежегіш жүйелеріне тыйым салынған.

Мотор