Құрөзек, Құланембес – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өзен. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 726 км2.
Бастауы Бастауын Қарқаралы ауданы батысындағы ұсақ шоқылы таулардан алып, Нұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, жағасы тік жарлы. Жер асты, жаңбыр, қар суларымен толығады. Көктемде 10-15 күндей ағыны болып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы - мал жайылымы, шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы